Алматыда жер учаскелері таумен бірге жекеменшікке беріліп кеткен

0
119
photo: ult.kz

27 маусым күні Мәжіліс отырысында депутат Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы, Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр және Бас прокурор Берік Асыловқа депутатттық сауал жолдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Депутаттың сауалы, жеке меншікке берілген жер учаскелері туралы болды.

«Кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында елді мекен жерлері, су қоры, орман қорына кіріп кеткен жерлерді оңды-солды жеке меншікке бере берген. Бірақ таулардың астындағы жерлердің тауларымен бірге жеке меншікке өтіп кеткенін кім естіді?» – деп бастады сауалын депутат.

Депутаттың айтуынша Алматының тау бөктері мен тауларының бірталайы жеке меншікке өтіп кеткен. Нақтылап айтқанда Бостандық ауданының Іле Алатау ұлттық саябағымен шекаралас Ерменсай ықшам ауданының тау бөктерінде орналасқан, нақтылап айтқанда 20 313 061 159, 061162, 061169, 061157, 061166, 061158, 060156, 061163, 061165, 061170, 061180, 060160 сияқты 18 жер кадастрлық нөмірлері бар жерлер, оның үстінде таулары бар, жануарлар мен өсімдіктер мекендейтін Іле Алатау таулары жекеменшікке өтіп кеткен.

«Ең сорақысы осы аталған жерлердің бір ғана иесі бар. Оны ешкім ашпайды. Жердің жалпы көлемі 1000 шаршы метр. Жалпы 18 жер учаскесінің аумағы 14 км құрайды. Бостандық ауданының 5/1 бөлігі жеке меншікте. Оның ішінде тауларда бар», – дейді депутат.

депутат Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз