Қазақстандағы McDonaldʼs қызметі уақытша тоқтады

0
132
Photo: McDonalds.kz

Қазақстандағы McDonaldʼs фаст-фуд желісі instagram парақшасында жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда фаст-фуд желісі жұмысын “техникалық себептерге” байланысты уақытша тоқтағанын жазған. Компания фаст-фуд желілері қашан ашылатынын нақты айтпады.

Елдегі McDonaldʼs желісінің франчайзиі елдегі ірі бизнесмен, Назарбаев әулетінің экс-құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Ол биыл наурызда “квазимемлекеттік секторден аса ірі көлемде қаржы жымқырды” деген күдікпен қамауға алынған.

Наурызда Forbes журналы McDonaldʼs компаниясының Ресейден кетуі Қазақстандағы McDonaldʼs желілеріне әскер етуі мүмкін деп жазған болатын. Журнал Қазақстандағы McDonaldʼs тағам дайындауға қажеттілердің басым бөлігін ресейлік тасымалдаушылардан алатынын айтқан. Ресей Украинаға соғыс ашқан соң McDonaldʼs бұл елдегі қызметін тоқтатқан еді.

McDonaldʼs желілері Қазақстанда 2016 жылы ашылған. Қазір елдің алты қаласында бұл фаст-фуд ресторандары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз