Қазақстанда жемқорлардың жария реестрі жасалмақ. Тізім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жарияланады. 

Елімізде жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда екі жаңа тәжірибе қолданысқа енгізілмек. Біріншіден, енді пара алуға ауызша не жазбаша келісім берудің өзі парақорлыққа жатқызылатын болса, екіншіден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жемқорлардың тізімі жарияланып тұрады. Мұндай ұсыныстар Мәжілісте қаралатыны туралы “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов хабарлады.

“Қазақстанның Қылмыстық кодексіне жаңа 366-1 бап енгізіледі. Онда “Пара алуға келісім беру, пара сұрау немесе талап ету” деп жазылған. Яғни, ауызша, жазбаша не электронды формада пара алуға келісу осы жаңа бап бойынша жазаға тартуға негіз болады. Тіпті, WhatsApp желісіндегі хабарламаның өзі жеткілікті. Біз коррупция туралы ойдың өзін қылмысқа жатқызуымыз керек”, – деді Дидар Смағұлов. 

Смағұловтың айтуынша, бұл көптеген еле бар тәжірибе. Олардың қатарында Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Украина, Армения, Эстония, Литва, Молдова да бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз