Министр: Қазақстанда жыл соңына дейін 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады

0
76

Биыл жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын 128 жобаны іске қосу жоспарланған. Оларда 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Жобалардың ең көбі Шымкентте – 17 жоба, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында – 14 жобадан. Жалпы барлық жобаға 1,23 триллион теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 923,2 миллиард теңгеге 107 жобаны іске қосу жоспарланған.

Жобалардың ең көп саны келесі салаларда байқалады:

* тамақ өнеркәсібі (89,7 млрд теңгеге 39 жоба),
* металлургия (672,3 млрд теңгеге 16 жоба),
* машина жасау (79,6 млрд теңгеге 15 жоба)
* құрылыс индустриясы (55,1 млрд теңгеге 15 жоба).

Инвестициялардың негізгі үлесін, яғни 670 млрд теңгеден астамын металлургия саласындағы жобалар қамтамасыз етеді.

2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы сомасы 296 млрд теңге болатын 28 жоба пайдалануға беріліп, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз