Қазақстандық қажылар елге оралды

0
368
ҚР Діни басқармасы

Парызын өтеу үшін қасиетті Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 қазақстандық толығымен елге оралды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі хабарлады.

“1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына қонды. Денсаулықтары қалыпты», – деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаев.

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының ақпарына сәйкес, осы жылы Қазақстаннан 3000 адам қажылыққа барды. Қазақстандықтарға 18 қажылық фирмасы қызмет көрсеткен. Қазақстаннан аттанған 18 жоғары білімді дәрігер қажыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мекке мен Мәдина қаласында медициналық қызмет көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан қажылары отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды діни басқарма.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз