Қазақстаннан қажылыққа 3 мың адам аттанды

0
121

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласының халықаралық әуежайынан қажылыққа аттанғандардың соңғы легін шығарып салады.

ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, отандастарымыз Астанадан, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшуда. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық Scat, Сауд Арабия Корольдігінен Flynas әуе компаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты–  5-6 сағат. Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі бөлген 3000 квотаға визалар толық шықты.

“Биыл алғаш рет Қазақстан қажылары қажылыққа бірыңғай киім үлгісін киіп барады”, – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, ұлы сапар кезінде қажыларға гидтер жол көрсетіп, көмекші болады және уағыз-насихат жұмыстарына білікті де білімді имамдар бекітілген. Қажылық сапарға аттанған қазақстандықтарды шығарып салып, сәт-сапар тілегін жеткізуге әуежайға Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези арнайы келді. Ол қажылық сапарға ниет білдірген жандарға оң сапар тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз