Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайтадан ашылады

0
238

23 ақпанда Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері наурыз айында қайтадан ашылатыны жарияланды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Египетке рейстерді қайта ашу туралы шешім Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешімінде қабылданған.

“Наурыз айының басынан Қазақстанның “Air Astana”, “Fly Arystan” және “SCAT” әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды”- делінген хабарламада. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз