Қазақстанықтар қазан айында қанша күн демалады?

0
312

Қазан айында мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Дегенмен, қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Бұл туралы Sputnik ақпараттық агенттігі хабарлады.

Бес күндік жұмыс аптасы бар адамдар келесі айда 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істесе, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады. Бұдан бөлек қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді:

  • 1 қазан – Қарттар мен Радио күні;
  • қазан айының алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні;
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
  • 10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;
  • 16 қазан – Нан күні;
  • 19 қазан – Құтқарушылар күні;
  • қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;
  • қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз