Қазгидромет: Алдағы үш күн ауа райы салқындайды

0
427

8-10 маусым күндері кезекті антициклонның әсерінен Қазақстанның біраз аймағында күн суытады. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Фронтальды бөліктердің ықпалында болғаны үшін аймақтарда алдағы үш тәулік жаңбырлы өтеді.

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, арты нөсер жаңбырға айналып, қатты жел соғады. Қазгидрометтің ақпараты бойынша бұршақ жаууы да мүмкін.

Ал, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклон әсерінен елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендейді. Ал, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз