Биыл дизель отыны 13 пайызға қымбаттады

0
160
photo: inbusiness.kz

Дизель отыны жылына 13 пайызға, оның ішінде қысқы отын бірден 31 пайызға қымбаттаған. Ал дизель отыны өндірісі бір жылда 10 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Биыл қаңтар мен қазан аралығында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 9,7 пайызға көп. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 5 миллион тонна отын өндірілген.

Биылғы қазанның қорытындысы бойынша дизель отынының бағасы бір жылда 12,5 пайызға өскен. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3 пайызға арзандаса, ал қысқы отын, керісінше, бірден 30,7 пайызға қымбаттаған.

Дизель отыны бағасы Ақтөбе облысында айтарлықтай өскен. Мұнда бір жылда 27,9 пайызға көтерілген. Антилидерлер үштігіне Абай (жылына 24,6 пайыз) және Шығыс Қазақстан (24,4 пайыз) облыстары да кірген. Алматы облысында баға айтарлықтай өспеген, мұнда 0,5 пайыз. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға бұрынғы қалпында қалған. Түркістан облысында дизель отыны 1,8 пайызға арзандаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз