Биыл камера арқылы 4600-ден астам құқық бұзушылық анықталған

0
49

Биыл көлік объектілерінде камералар көмегімен 4600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Темір жол және әуе көлігі объектілері – стратегиялық объектілер әрі  құқық бұзушылыққа бейім жерлер болып саналады.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта департаменттің қызмет көрсету учаскелерінде 13 500-ден астам, соның ішінде темір жол вокзалдарында 4769, аэропорттарда – 5834, ал жолаушылар вагондарында 2964 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Аталған жүйелердің арқасында жыл басынан бері 68 қылмыс ашылған. Бірқатар қылмыстардың саны, яғни, тонау 57%-ға, бұзақылық 20%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 16,4%-ға төмендеген. Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 19%-ға, соның ішінде, алкогольдік мас күйінде 35,6%-ға және адамдар тобы жасаған қылмыстар 44,8%-ға төмендеген.

Бұған қоса, камералардың көмегімен 4695 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, атап айтқанда ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, қоғамдық орындарда тиісу, жалпы пайдалану орындарының ластануы және басқалары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз