Блогерлерге кейбір тұрғын үйлерді жарнамалауға тыйым салынбақ

0
23
фото: blog.profitbase.ru

Астана әкімдігі мен Ұлттық экономика министрлігі ұлардай шулаған үлескердің қатарын көбейтпеудің бір амалын ұсынды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” заңының 23-бабын өзгертеді.

Оған сәйкес, бұдан былай құрылыс салушыларға да, олардың пәтерін сатумен айналысатын уәкілетті компанияларға да жергілікті әкімдіктен үлескерлерден ақша тартуға рұқсат алмаса, көп пәтерлі тұрғын үй кешені жобасын жарнамаға беруге тыйым салынады.

Үлескерлер проблемасы үш мегаполисте ушыққандықтан, заң жобасы да осы үшеуіне қатысты қолданылады деп жоспарланған.

Ұлттық экономика министрлігі сарапшыларының түсіндіруінше, еш рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендерін блогерлердің, пәтер сататын сайттардың, басқаларының тоқтаусыз, қарқынды жарнамалауының белең алғаны сонша, мемлекет сан соққан үлескерлер проблемасын шешпек түгіл, олардың санын көбейтіп алды.

Мысалы, 2023 жыл жабылар тұста, 23 желтоқсанда ақпарат құралдары Алматыда блогер-депутаттың жарнамасына сеніп, қолданысқа берілмеген үйге ақша салып, алданған азаматтар “Дәулет Мұқаев отставкаға кетсін!” деген талаппен Президентке жүгінгенін жазды

Сондықтан “алданған үлескерлер санын қысқарту және жалған жарнама беру жолымен тұтынушыны алдауды болдырмау үшін” жаңа заңнамалық түзетулер әзірленіп отыр. Бірақ ол рұқсат құжаттары жоқ ТК-ларды жарнамалайтын блогерлерді, ақпарат құралдарын жазалауды көздемейді, тек оларға тыйым салады. Тыйым бұзылса, ТК қожайыны саналатын құрылыс компаниясы жазаланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз