Дәурен Абаев жаңа заң жобасын түсіндірді

0
97

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідіге парақшасында (Facebook) бейнежазба арқылы жаңа заң жобасын түсіндірді.

«Құрметті достар, осы бейнежазбада Ақпарат және коммуникация саласындағы заң жобасының ең көп талқыланатын нормаларын түсіндіремін», – деп жазады Д. Абаев.

Бейнежазбада Министр жеке, отбасылық, медициналық, банктік, коммерциялық құпиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында таралуына келісім алу туралы міндеттемені енгізу, «журналистік этика» және «насихат» ұғымдарын енгізу туралы ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына жауап беру мерзімін 15 күнге дейін ұлғайту ұсынылды. Министрдің айтуынша, бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.

«Төтенше жағдайда мемлекеттік органдардың «алтын сағат» ережесін ешкім бұзған жоқ. Бұдан өзге біз ресми хабарларға қатысты өтініштерді қанағаттандыру мерзімін үш күннен екі күнге қысқартамыз», – деп мәлімдеді Абаев.

Абаев бейнежазбада интернет-ресурстарда тұтынушыларға сәйкестендіру енгізу туралы айтты.

«Тұтынушыларды сәйкестендіру олардың өз пікірін білдіруге еш кедергі келтірмейді. Бірақ бұл оны іштей қалыпқа келтіреді. Кейбір тұтынушылар анонимді тұрғыда ұлттық негізде, зорлық-зомбылыққа түрткі болып, азаматтарға қате ақпараттар таратып, балағаттауға болады деп есептейді», – деп айтты Министр.

«Біз ғаламтор қолданушылары өз сөздеріне жауапкершілік сезінуі керек деп есептейміз. Аталған талап өзіндік ішкі сүзгіге айналады», деп атады Абаев.

«Біз, бұрынғыдай, диалогқа дайынбыз», – деп түйіндеді министр бейнежазба соңында.

Сайлаубай Сабина

бейнежазбадан алынған кадр:

Дорогие друзья, в данном видео я разъясняю самые обсуждаемые нормы законопроекта в области информации и коммуникаций

Geplaatst door Даурен Абаев op woensdag 27 september 2017

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз