Мәжілісмен Берік Бейсенғалиев депутаттық сауал жолдап, онда қазақстандықтардың қарыз ауыртпалығы мәселесін көтерді. Халыққа кредит екінші немесе үшінші рет қайталап беруді азайту керек екенін айтып, бірқатар шаралар қабылдауды ұсынды.
Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, 10 мың жуық қазақстандықтарда 11,5 триллион теңге кредиті бар.
«Мәселен, бір кредитті жабу үшін екінші рет қайталап алатын адам саны көп. Ал ақша беретін банктің өз ережесі мен шектеуі де жоқ. Сонымен қатар, проценті де өсе береді»,- дейді Берік Бейсенғалиев
Депутат қандай ұсыныс жасады:
- Азаматтардың несие мерзімі 90 күннен асқан жағдайда ол адамға келесі де тағы да несие беруге тыйым салу керек.
- 21 жасқа толмаған ересек адамдарға несие беруді тікелей құжат арқылы қарап, шектеу қою керек екенін айтты.