Депутат мәжілісте ауыл халқының жан айқайын ашынып айтты

0
35

Бүгін, мәжіліс отырысында Ауыл партиясы фракциясының жетекшісі депутат Баққожаев Анас Ахатұлы ауыл халқының жан айқайын айтып, оны шешу жолын да ұсынды.

Депутатттың айтуынша үкіметтің бүгінге дейін ауылды дамыту үшін жасаған әрекеттері халықтың көңілінен шықпаған. Бұдан бөлек ауыл жанашыры, қамқоршысы кім екені әлі де белгісіз.

«Ауылдың қамқоршысы үкімет деп айтайын десек бюджеттен елді мекендерге бөлінетін қаржыландыру тұрақсыз. Бір елді мекендерге жетсе, бір ауылдарға жетпей жатады. Бұл бүгінгі күннің шындығы», – дейді депутат.

Бұдан бөлек қазіргі таңда «ауыл қамқоршысы» деп шаруаларды айта алмаймыз.

«Иә, шаруалар ауылдарға қарайласып жүр. Бірақ соңғы кездерге қарайықшы. Біздің шаруалардың берекесі қашты. Себебі шығындар өте көп. Экономикалық тиімділік төмендеді. Агробизнеспен қазір айналысудың еш қызығушылығы жоқ. Қалада тұрып 100 дөнер күніне сататын кәсіпкер, ауылдағы 100 га жері бар шаруаларға қарағанда көбірек пайда табады. Осының негізінен қазір ауылға қарайласатын шаруалардың жағдайы жоқ. Біз осыны естен шығармайық», – деп мәлімдеді депутат.

Анас Ахатұлының айтуынша, халықты да ауыл қамқоршысы деуге болмайды. Себебі халық сайлаған әкімнің құзіреті әлсіз, бюджеті жоқ. Одан кейін үй шаруашылықтарының заңды статусы жоқ. Демек оларға мемлекеттен қолдау болмайды деген сөз.

Осыған байланысты депутат, ауыл шаруашылығы партиясы атынан бұл мәселелерді шешу үшін үш қадам керектігін айтып, атап өтті:

  1. Мемлекеттік сатып алу жүйесін түбегейлі өзгерту. Қазіргі таңда ауылдың ішіндегі жұмыстардың барлығы ең алдымен тендерлер, сол жергілікті жердегі кәсіпкерлерге бұйыруы керек. Жергілікті жердегі кәсіпкерлер мердігер болатын болса, халықтың алдындағы жауапкершілігі артады. Жергілікті халық жұмысқа тартылады. Салық төленеді. Жұмысты бастап, соңында тастап кететін жағдайлар күрт азаяды деп ойлаймын.
  2. Кәсіпкерлерге шынайы қолдау көрсету. Несиелері бар. Бірақ оның көлемі жеткіліксіз. Лизингтік төлемдерді 15 пайыз емес, 3 пайыз деп беруі керек. Техниканы да, құрал-жабдықты, мал шаруашылығын да, аналық басты беріп, міне соны бақ, бұл мемлекеттікі, ал алатын төлі сіздікі деп, нақты тауарлық несие беруіміз керек. Қазіргі таңда ауылда адал азаматтар өте көп. Солар жұмыс істеймін деп отыр. Бірақ олардың қолында құралы жоқ. Сондықтан да осындай батыл қадамдарды қабылдауымыз керек сияқты.
  3. Біздің ауылдарда тұратын 1,5 миллион жеке қосалқы шаруашылықтар бар. Оларды біз өзін-өзі еңбекпен қамтитын адамдар деп қойдық. Бірақ шын мәнінде жағдайлары өте төмен. Соларды біз корпоративке біріктіруіміз керек. Біз, ортақ өгізден жеке бұзауым артық деп айтамыз, иә, жеке бұзауға шағын несие беріліп жатыр, бірақ қазір нақты ортақ жұмыс істеуі үшін пилотты жобаларды іске асырып, әр облыста бір-бір жобадан жасауға болады.

– Деп атап өтті депутат Баққожаев Анас. Ол, бұдан бөлек жазда қуаңшылықтан, күзде толассыз жауған жауыннан қорлық көрген фермерлерге үкіметтен уәде берілгенін айтып, соның барлығы уақытында орындалуын сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз