DIGITAL ALMATY AWARDS 2023 сыйлығына өтінім беру басталды

0
129
photo: gov.kz

Халықаралық технологиялық форум аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табыс етіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап. 

Жеңімпаздар алты номинациялар бойынша белгіленеді:

  • EdTech Company of the Year
  • MedTech Company of the Year
  • FinTech Company of the Year
  • e-Commerce Company of the Year
  • Woman in Tech of the Year
  • Venture Capitalist of the Year

IT-саласындағы барлық компаниялар Digital Almaty Awards бөлімінде «Өтінім беру» батырмасын басып, форумның almatydigital.kz сайтында сыйлық алуға өтінімді бере алады. Өтінімдер 21 қаңтарға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 2-3 ақпанында «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форум барысында марапатталады.

Алғашқы рет сыйлық «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында 2020 жылы берілген, онда 10 цифрлық жобалар ұсынылған, оның ішіндегі 8-і «IT-чемпионы» санаттағы Қазақстанның үздік IT-компаниялары өнімдері және 2 жоба Astana Hub брендтегі стартаптар болып табылады.

Digital Almaty – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз