Ең жас көпбалалы анаға үй берілді

0
158
Жеті баланың анасы Жазира Тұрғынова балалары және күйеуімен бірге Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында. Түркістан, 25 қаңтар 2019 жыл.

25 қаңтар күні Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны, президент қатысқан жастар форумында сөз сөйлеген көпбалалы ана Жазира Тұрғыноваға Леңгір қаласынан төрт бөлмелі жеке үй берілді. Бұл жайында Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жазира Тұрғынованың айтуынша, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жеті балалы отбасын қабылдап, тұрғын үйдің сертификаты мен балаларға қыстық жылы киімдер берген. Сонымен бірге, әкім әйелге қосымша мамандық алуы үшін оқуына қолдау білдіретінін айтып, күйеуі Олжас Әбілдәбеков екеуін жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге уәде берді.

– Біз негізі Төлеби ауданы Ұзынарық ауылының тұрғынымыз. Сол жақта тұрақты тіркеудеміз. Бұған дейін күнкөру үшін Шымкентте жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрып келдік. Бүгін баспаналы болдық. Бала-шағамызбен қуанып отырмыз, – деді Жазира Тұрғынова.

Бұған дейін жергілікті БАҚ 27 жастағы Жазира Тұрғынованың жеті баласымен бірге Шымкентте пәтер жалдап тұрып жатқанын, күйеуінің тұрақты жұмысы жоғын хабарлаған еді. Үлкен баласының жасы 9-да, кенжесі – жасқа толмаған.

23 қаңтарда Жазира Тұрғынова Астанада жастар жылының ашылуына арналған форумда сөз сөйлеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз