Елбасынан дін қызметкерлеріне кеңес: «Ғылыми білім маңызды»

0
163
дереккөзден

Президент Нұрсұлтан Назарбаев дін қызметкерлердің ғылыми білім алу қажеттігін атады.

 

«Біз енді өткеріп  жатырмыз» – Н. Назарбаев діни қақтығыстар турасында

Париждегі католиктер мен протестанттардың арасындағы соғыс қазіргі шииттер мен сүннеттердің арасындағы соғыс сияқты өрбіді деп өткенге көз салған мемлекет басшысы Еуропа діни қақтығыстарды өткен заманда өткергенін, мұсылман елдері енді өткеріп жатқандығын атап өтті. «Сол уақытта біз өтіп жатырмыз қазір», деп атап өткен мемлекет басшысы ғылыми біліммен қарулану діни қызметкерлер үшін маңызды екенін, жат ағымның жетегінде кеткен жастарды тура жолға бастап, түсіндіруде ғылымды игерудің маңызы зор екендігін алға тартты.

«Бәріміз әйтеуір, діндеміз. Намаз оқиды. Бүгін жұрт қаптап мешітке барады. Ал ішіндегі санасы, түсінігі қандай? Ешкім білмейді. Құр әшейін, елмен бірге шуылдап жүре беру керек деп санайды. Олай емес. Әр қайсысының өз мағынасы бар. Дүниежүзінде ол мәселе талданған»,

– дейді Н. Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасы аясында өткен кітаптардың тұсаукесері барысында.

«Жаратушы жалғыз, жолдар әр түрлі»

Сондай-ақ сөз барысында Қазақстан президенті өз миссияларын жоғары деңгейде жүргізу үшін дін қызметкерлері діннің тарихын, ең соңында жаратушының жалғыз, ал жолдардың әр түрлі болатынын білу қажеттігін атап өтті. Мұсылмандар арасындағы соғыс орта ғасырдағы кикілжің сияқты деген мемлекет басшысы дін қызметкерлері үшін білімнің маңызды екенін, діннің тарихын білу арқылы жастарды теріс жолдан сақтандыратындарын алға тартты.


Бүгін Астанадағы тұңғыш Президент кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасы аясында 18 әлемдік масштабтағы оқулықтың қазақ тіліндегі тәржімасының тұсаукесері өтті. Аталған кітаптар тізімінде британ дінтанушысы Карена Армстронгтың 1994 жылы жазылған «Құдай тарихы» еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасы бар. Аталған кітап әлемнің шамамен 30 тіліне тәржімаланған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз