Қазақстан ТМД елдері ішінде кино билеті ең қымбат елдер рейтингінде Армениядан кейін екінші орында тұр. Жалпы әлемдік рейтингте 31-орынға жайғасқан.
Биыл 29 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда кино билеттерінің (халықаралық шығарылым) құны 5,43 АҚШ долларын құрады.
ТМД елдерінде жағдай мынадай: кинотеатр билетінің құны Ресейде 4,04 АҚШ доллары, Украинада – 4,15 АҚШ доллары, Өзбекстанда – 4,5 АҚШ доллары, Беларусьте – 4,58 АҚШ доллары, Әзірбайжанда – 4,71 АҚШ доллары, Арменияда – 6,25 АҚШ доллары.
Әлемдегі ең арзан билет Иран, Сирия және Шри-Ланкада, ең қымбат Швейцария, Дания және Сауд Арабиясында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қазанда елдегі кино қызметінің орташа бағасы 2033 теңгені құрады, бұл былтырғы қазанмен салыстырғанда 14,1%-ға жоғары.
Бағаның жылдық өсімі ең жоғары есеп Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 43,7%. Одан кейін Қызылорда (29,1%) және Абай (25%) облыстары тұр. Бағаның ең аз жылдық өсімі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: 3,3%. Тағы төрт өңірде – Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Шымкентте баға бұрынғыша қалған.
Еліміздің ірі қалаларының ішінде кино қызметі ең қымбат Түркістанда (2,7 мың теңге), ал ең арзаны Қарағандыда (1,4 мың теңге).
Сонымен қатар, биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда кинокөрсетілім саласында кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер көрсеткен қызмет көлемі 25,4 млрд теңге болған, бұл былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ақшалай түрде 74,7% артық.
Өңірлер бойынша сектордағы ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген: бір жыл бұрынғы 7,2 млрд теңгемен салыстырғанда (жылдық өсім – 2 есе) 14,4 млрд теңгеге жетті. Облыстың үлесі елдің 56,8%-ын құрады.
Тағы 24,2% қызмет Астанада көрсетілді: 6,1 млрд теңгеге, бір жыл бұрын 2,7 млрд теңге болған. Үздік үштікті Шымкент жапты: бір жыл бұрын 1,3 млрд теңге болса, биыл 757,5 млн теңге. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген: бар болғаны 16,4 млн теңге.