Елімізде қоғамдық көліктердің жылдамдығын азайту ұсынылды

0
144

Қазір елдімекендерде автобустардың жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан аспауы тиіс

Ішкі істер министрлігі елдімекен ішінде автобустардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін азайтуды ұсынды.

Ведомство Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге жол картасы жобасын әзірледі. Ескі автобустардың санын азайту көзделіп отыр. Елімізде мұндай 90 мыңнан астам көлік бар.

“Сондай-ақ, елдімекендерде автобустардың жылдамдығын сағатына 50, ал қала сыртында 80 шақырымға дейін азайту ұсынылып отыр”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Оның айтуынша, қазір автобустардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 60 шақырым, ал қала сыртында сағатына 90 километр.

Сондай-ақ, ІІМ автобус жүргізушілеріне қойылатын талапты күшейтетін болады. Көліктің қайта жабдықталуына да тыйым салынбақ. Бұл ұсыныс жұртшылықпен талқыланатын болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз