Биыл еліміздегі әуе компаниялар паркі 89-дан 99 ұшаққа дейін көбейді. Ал ұшақтардағы орын сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін артты.

Әуе тасымалы халық арасында көліктің неғұрлым танымал түріне айналып келеді. Сарапшылар жолаушылар тасымалының 23% ұлғаюы мұның бірден бір дәлелі екенін айтады.

Осы жылы қазақстандық авиакомпаниялар тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетіп рекорд жасады.

Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалмен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланған.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетпек. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.

Ішкі рейс көлемі толығымен қалпына келтірілді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейс ұшуда.

28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейс ашылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз