Елордада дауылды ескерту жарияланды

0
193

Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды. Ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Синоптиктердің мәліметінше, 26 қаңтарда Астана қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Ақмола облысында да бұл күні бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Сонымен қоса 27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 27-29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27-28 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 28-29 қаңтар аралығында Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз