“Хабар” арнасының директоры тағайындалды

0
294
Жайна Сламбек.

5 сәуірде журналист Жайна Сламбек “Хабар” арнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы телеарнаның басқарма төрағасы Берік Уәли хабарлады.

“Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз