Ішкі істер департаменті қызметкерлер қабылдайды

0
366

Астана қаласының Ішкі істер департаменті 3 тамыз сағат 10-00-де Бейбітшілік көшесі, 25 «Өркен» іскери орталығының ғимаратында өтетін бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады.

Бос лауазымдар жәрмеңкесінде тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, инспектор, полицей бос лауазымдары ұсынылады», делінген ведомствоның ресми ақпаратында.

Бос лауазымдарға орналастыру үшін конкурстық негізде іріктеу жариялайды: Жол-патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызмет аға инспекторы, Жол-патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полицей, полицей-жүргізуші, полицей-кавалерист, кіші инспектор-кинолог.


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-ке дейін, білімі орта, арнайы орта, жоғары заңгер, бойы 170 сантиметрден кем емес, денесі шыныққан, шұғыл әскери қызметтен өткен немесе запастағы офицер. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өтеді, әскери-дәрігерлік комиссиядан өтеді, дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырады.

«Қызметкерлерге сыныптық біліктілігіне үстемеақы төленеді, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін өтемақы төленеді, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, еңбек сіңірген жылдарына байланысты қосымша төленетін еңбек демалысы беріледі, бюджет қаражаты есебінен кепілдікті мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етіледі, зейнеткерлікке шығу жасы 48 жасты құрайды», делінген ресми ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз