Оралу Қоғам Әйелдерге арналған «Томирис» жобасы жұмысы іске асырылуда

Әйелдерге арналған «Томирис» жобасы жұмысы іске асырылуда

0
150
фото: baq.kz / ҚР Парламенті сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен

Әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамыту мақсатында «Томирис» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ұлттық комиссия мен өңірлік комиссиялар өңірлерде азаматтық қоғам құрылымдарымен сындарлы диалог орнатты. Ол биыл да жалғасын тауып, одан әрі дамытылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары Ләззат Сүлеймен хабарлады.

“Бүгінгі таңда елімізде отбасылық-гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Олардың әрқайсысымен көптеген жобаларды бірге жүзеге асырып жатырмыз. Отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша, экономикалық, саяси белсенділікті ілгерілетуге байланысты жобалар өте көп. Олар өз нәтижесін кезең-кезеңімен беріп жатыр. Сонымен қатар әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамыту мақсатында «Томирис» жобасы іске асырылуда”, – деді спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз