Көлгінов банктердің бірі LRT жобасын қаржыландыруға келіскенінін мәлімдеді

0
150
Аяқсыз қалған "Астана LRT" жобасы. Photo: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов банктердің бірі “Астана LRT” жобасын қаржыландыруға келіскенін айтты. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

“Ең бастысы қаржы мәселесі. “Астана LRT” жобасы көп күшті қажет етеді. Әрине, бетон мұнаралар қала көркіне сән бермейді. Бір жылдан астам уақыт бойы банктермен жұмыс істедік. Екінші деңгейлі банктердің кез келгені бұл жерге келгісі келеді деп айту қиын және кез келгенінің оған мүмкіндігі де жоқ. Сол себепті біз арнайы байқау жарияладық. Қазір банктердің бірі келісімін берді, арнайы келісімге қол қойғаннан кейін тағы хабарлаймыз” деді ол мәслихат депутаттарына.

Дегенмен әкім нақты қай банк жобаны қаржыландыратынын айтпады. Әкімдік жобаны соңына дейін жеткізетінін айтқан.

Бұған дейін Көлгінов жобаны аяқтау үшін 1 млрд доллардан астам қаражат қажеттігін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз