Көлікті заңдастыру тоқтатылды. Шетелде көлігі есептен шығарылмағандар қайтпек?

0
53
фото: polisia.kz

1 шілдеден бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру биыл қаңтар айының 23-де басталған еді. ІІМ өкілінің айтуынша осы аралықта 196 мың көлік заңдастырылған. Сондай-ақ қазақстандық есепке 12 мыңнан астам конструктор-автокөлік қойылған.

«ЕАЭО елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келсек, олардың иелері көлікті кері әкетеді. Ал егер басқа елдегі бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылса, Қазақстанда кейіннен бастапқы тіркеу туралы міндеттеме және 5 жылға Қазақстанда уақытша есепке қою құқығы берілмек», – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және ҚР мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

Тіркеу туралы куәлікте «уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз» деген жазбалар көрсетіледі.

Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сақтауға тапсырылады.(ҚазАқпарат)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз