Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы беріледі?

0
44
Сурет: astana.gov.kz

Жыл басынан орта есеппен 540,8 мың отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алған.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Бұдан бөлек 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 113,6 мың отбасындағы 595,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілген. Биыл, осы мақсаттарға бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінген еді.

Қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз