Көпбалалы отбасыларға баспаналы болу үшін 2% мөлшерде несие беріледі

0
158

Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ламасының аясында жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған жаңа бағдар­ла­маны әзірлеп шығарды.

Статистикасына сүйенсек, осы жылдың қаңтарынан бастап маусым айына дейінгі аралықта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқандардың 62%-ы әйелдер болса, ал 38%-ы ер адамдарға тиесілі.

Қазіргі кезде табыстың аздығы мен әлеуметтік жағдайдың төмендігі талай отбасыны пәтер жағалатып, біреудің баспанасын жалдауға мәжбүрлеп отырғаны белгілі.

Осы мәселені ескере отырып, биылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспанаға мұқтаж, жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға 2% мөлшерлемемен несие беруді жос­парлап отыр.

Енді кезекте тұрған көп ба­ла­лы жандарды қуанышқа бө­лей­тін бағдарламаның шарттарына сәйкес, отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үй тіркелмеген төрт немесе одан да көп баласы бар, сондай-ақ толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар осы бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, болашақ баспаналарына қол жеткізе алады.

Биылдың өзінде банк 6 мыңға жуық отбасын бас­па­намен қамтамасыз етуді бас­ты мақсаттардың қатарына қойып отыр.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз