Kaspi: 4 қарашаға дейін кез келген саудаға 5 пайыз бонус беріледі

0
265

Kaspi банкі 28 қазан күні таңертең болған техникалық ақауларға байланысты халықтан кешірім сұрап, 4 қарашаға дейін Kaspi QR арқылы жасалған кез келген саудаға 5% бонус беретінін хабарлады.

28 қаңтар таңертең, қосымшада клиенттердің шотындағы қаржы көлемі қате көрсетілген. Мұнымен қоса, картамен төлем жасау, банкоматтан ақша алу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қолжетімсіз болған. Халықтың арасында “кибершабуыл болды”, “ақшамыздан айырылып қаламыз” деген қауесет пен үрей тарады. Алайда банктің PR менеджері Ербол Азанбек шоттағы ақшалардың сақтаулы тұрғанын хабарлады.

Қазіргі таңда банк жұмысы жүйелі түрде жалғасып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз