Келер жылы кезекте тұрған қанша адам пәтерге ие болады?

0
94

Соңғы төрт жылда 910-ға жуық пәтер пайдаланылуға берілген. Ал 2017-2018 жылы Астанада 620 адам баспаналы болған. Бұл туралы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев мәлімдеген. 

2018 жылдың басында бізде конкурс өтті. Қазір 366 пәтер бойынша төлем қабілетін растау кезеңі жүргізілуде.  Бұл үйлер Президент ауруханасының маңындағы Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан.

Алдағы уақытта қорытындысы шығарылып, одан кейін сату-сатып алу келісімшартын бекіту жұмыстары жүргізіледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шартына сәйкес  енгізілген пәтердің 50 %  жергілікті атқарушы органдарының кезектегілері арасында конкурстық негізде ойнатылса, қалған 50 % ТҚЖБ салымшыларына арасында ұсыныламақ.

Астанада 2018-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаланың үш секторында орналасқан үш 17 нысанның (17 үй) құрылысы жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 1825 пәтер пайдалануға беріледі. Бағдарлама шеңберінде 1 шаршы метр үшін бекітілген баға  180 мың теңгені құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз