Келесі айда қазақстандықтар 185 мың теңгеге дейін ақша алады

0
21
Photo: inbusiness.kz

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35 жылдығына орай мұқтаж азаматтарының санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ауған соғысы 1979-1989 жылдар аралығын қамтып, он жылға созылды. Кеңес одағы 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан аумағынан бүкіл әскерді шығару туралы шешім қабылдады.

Қазақстаннан Ауған соғысына әскерде борышын өтеп жүрген 22 000 солдат аттандырылды. Олардың қаншасы қаза тапқаны бертінге дейін нақты белгісіз болды. Түрлі энциклопедияларда 761-ден 924-ке дейінгі қазақстандық жауынгердің мерт болғаны туралы дерек көрсетіліп келеді. 21 адам хабарсыз, із-түзсіз кеткен.

Бүгінде Қазақстанда 16 мыңға жуық Ауған ардагері тұрып жатыр. Ақпан айындағы атаулы датаға орай оларға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Алайда төлем сомасы әр өңірдің шешімі бойынша әр түрлі. Мысалы, Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (184 600 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ал Астана қаласының мәслихаты бұдан он есе аз төлем жасауды жоспарлапты.

Павлодар қалалық мәслихаты өз шешімі жобасында бірнеше санаттағы тұрғындарға 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз