Үкімет сағатында Нартай Аралбайұлы Астанадағы су мәселесін қозғады

0
91

5 маусымда Үкімет сағатында мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Астана қаласының әкімдігіне елордадағы су тапшылығына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

«Әкімнің (Астана қаласының әкімі) атына 24 сәуірде хат жазған едім, ол кісіден әлі күнге дейін жауап жоқ, білмеймін неден қуыстанып жүргенін», – деп бастады Үкімет сағатында су мәселесін депутат Нартай.

Депутаттың айтуынша әкімге жолданған сауалда, сорғы-сүзу станциясының қашан қолданысқа берілетінін нақтылау болған.

«Қазір баршаңыз да білесіздер, Астана халқының тең жартысы көшеде “баклашка” ұстап су іздеп қаңғып жүрген жайы бар. Өйткені жарты жылға жуықтады, Астанада су жоқ үйлерде. Мінекей, соңғы бір екі тәуліктің көлемінде санаулы сағатқа берілгені болмаса, мүлдем сусыз отыр халық. Бұның себебін сұрағанымызда Астана қаласы әкімдігі сорғы-сүзу станциясының үшіншісін саламыз, 2023 жылдың соңында ол толық іске қосылады, сол кезде су тапшылығы шешіледі деп еді, бұл нақты ма жоқ па деген сауалымызға сол күйі жауап берген жоқ, және аталған сорғы-сүзу станциясы 2026 жылға дейін ғана өндірістік қуаттылық тапшылығын шешеді деді.  Демек 2026 жылы қаланың тұрғындары тағы да су іздеп жүруге мәжбүр бола ма?», – деп сұрақ қойды депутат әкімдікке.

Бұдан бөлек Нартай Аралбайұлы астаналықтардың қақаған аязда жылусыз қалу қаупі барын жеткізді.

«Тағы бір дүние, алдыңғы хатыма келген жауапта, Астана қаласының әкімдігі қазір қалада 403,9 гигакалория жылу энергиясы жетіспейді, бұл ауа температурасы 23-тен төмендегенде қалада жылу тапшылығы болады деді. Демек енді су жетпегенде, Астанада енді жылусызда қала ма жұрт?», – деп сауал қойды депутат.

Нартай Аралбайұлының сұрағына Үкімет сағатына байланыспен қосылып отырған Астана қаласының әкімдігі қысқа жауап қайтарды.

«Сұрағыңызға рақмет. Су бойынша, шілде айының соңына біз үшінші сорғы-сүзу станциясын бітіреміз, қосамыз. Ал, басқа сауалдарға ресми түрде ақпарат береміз», – деді әкімдік өкілі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз