Үкімет трамадолды есірткі тізіміне енгізді

0
102

Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі құралдарының тізіміне енгізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана жүзеге асыра алады.

Үкімет «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» №470 қаулыға өзгеріс енгізді.

ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз