Діни алауыздық тудырды деген бір топ күдікті ұсталды

0
429

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚҚ) Оңтүстік Қазақстанда діни алауыздық тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 азаматты ұстады. Бұл туралы комитеттің өңірдегі департаменті хабарлайды.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, күдікті азаматтар экстремистік сипаттағы материалдарды әлеуметтік желілерде, сондай-ақ, тұрғындар арасында таратқан. Күдіктілер қауіпсіздік комитеті мен облыстық ішкі істер департаментімен бірлескен жасағы операция барысында қолға түсірілген.

Комитеттің хабарламасында «Арнайы операцияны бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдары бірігіп жүргізді. Оның барысында діни алауыздық қоздырды деген айыппен 12 адам ұсталды. Олар Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас ауданының тұрғындары. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер экстремистік сипаттағы материалдарды әлеуметтік желіде таратқан», – делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз