Ұлттық Банк халықаралық аударымға байланысты алаяқтық көбейгенін хабарлады

0
167
Қазақстан Ұлттық банкі.

Қазақстан Ұлттық Банкі халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық Банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте, мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (соның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі.

“Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі саналады және ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінде жоғарғы (бірінші) деңгейді білдіреді.
Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және Қазақстан Республикасының резидент, бейрезидент тұрғындарына ақша аудармайды.
Ұлттық Банк SWIFT арқылы клиент төлемдеріне қызмет көрсету процесіне қатыспайды және SWIFT арқылы операция жүргізуге рұқсат бермейді”, -делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз