Ұлттық кеңестің құрамы өзгерді

0
158
Photo: Qazaqstan dauiri

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасы хабарлады.

Кеңеске мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, “Мазмұндама” ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков және журналист Ләззат Қожахметова, заңгер Айнұр Сәбитова кірген.

​Ал, Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев кеңес құрамынан шығарылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сарапшылар кіреді.
​Кеңестің үшінші отырысы 2020 жылдың сәуір айында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз