Мұсылмандардың ұлық мейрамы – Ораза айты

0
422

Жер бетіндегі барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын мерекелердің бірі – Ораза айт мейрамы. Бұл күні мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын, Алла разылығы үшін ай бойы ауыз бекіткен жандардың оразасын ашатын күні.

Құрбан айт мейрамында мұсылмандар айт намазын оқығаннан кейін ауыз ашатын болса, Ораза айтының Құрбан айттан басты ерекшелігі айт намазынан алдында тақ санды (1 немесе 3…) құрма жеу керек.

Сондай-ақ, ораза айтының әдептеріне сай айт намазына келер алдын

  • Ғұсыл алу;

  • Таза киім киіну;

  • Хош иіс себіне;

  • Намазға жаяу бару;

  • Мешітке бір жолмен барып, басқа жолмен қайту қажет.

Барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айт мерекесі қарсаңында елордадағы Республикалық Әзеріт Сұлтан мешіті айт намазына келуші жамағат арасында спорттық жарыстар ұйымдастырып, қайырымдылық шаралар өткізеді.

Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов: Әзірет Сұлтан мешіті жамағат арасында Ораза айтына арнайы спорттық шаралар, атап айтқанда қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында асық ойыны, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеруден жарыстар ұйымдастырады. Сонымен қоса қайырымдылық жәрмеңкесі, Астана қаласындағы мұқтаж отбасыларға арналған «айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз