Майк Помпеоның Құрбан айт мейрамымен құттықтауы

0
108
дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлемдегі барша мұсылмандар қауымын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Майк Помпео: Барша мұсылмандар қажылықтың аяқталуын атап өтетін Құрбан айт мерекесі қабыл болсын! Құрбан айт мерекесі – әлем мұсылмандары өздерінің отбасыларымен және достарымен бірлесе, бейбітшілік пен жанашырлық рухында дұға ету уақыты. Осы кезеңде мұсылман қауымдастығының мүшелері ниет етіп, қайырымдылық жасайды. Қиыншылықтарға тап болғандарға жомарттық пен көмек көрсетудің маңыздылығын көрсете біледі. Мейірімділіктің мұндай қадамы баршамыз үшін де үлгі бола алады. Мемлекеттік депортамен атынан бұл мерекені тойлайтын дүние жүзіндегі достарымызға, серіктестерімізге және одақтастарымызға тағы да шын жүректен ұлық мереке құтты болсын! 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз