Медицина мамандығы студентінің шәкіртақысы 20 пайызға артады

0
131
фото: КазТАГ

Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне жыл сайынғы шәкіртақылар 20%-ға дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылы республикалық бюджеттің есебінен резидентура грантының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланған.

“2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады”, – дейді ҚР ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап өңірлер өтінімдерінің негізінде резидентурада гранттарды бөлуді енгізді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз