Медицина қызметкері құқығын полиция деңгейіне көтеру үшін петиция жазылды

0
16

Жедел жәрдем жүргізушісі, әріптестерінің құқығын қорғауға шақырып, петиция жазған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен 10 жылдық өтілі бар жедел жәрдем жүргізушісімін. Осында жедел жәрдем қызметкерлерінің проблемаларын айтайын. Өйткені біздің қауіпсіздігіміз бен құқығымыздың тапталуы әбден шаршатты. Бір жағынан, қоғам бізден тез арада науқасқа жетуге және өмірлеріне араша түсуге шақырады. Екінші жағынан, бізді өздері құрметтемей, тіпті жұмысымызға кедергі келтіреді», – деп жазылған петицияда.

Петиция авторы, медицина қызметкерлеріне жасалынған шабуылды, полицияға жасалынған шабуыл секілді қарастыруды талап етуде.

Айта кетейік, жақында Қарағандыда, жедел жәрдем жүргізушісі ауруханаға ми шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның іштей сынуы және көз гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Себебі, науқасқа келген жедел жәрдем бригадасының жүргізушісін, сол жерден өткен бір азамат ұрып-соққан еді.

Бүгінгі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз