Мемлекет басшысының Атырау облысына сапары

0
277

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Елбасы макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, сол жерде өндірілетін өнім үлгілерімен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне Атырау облысындағы инвестициялық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, қуаты 52 мегаватт болатын жел электр станциясы, ыстық күйінде мырыш жалату цехы, робот арқылы дәнекерлеу әдісін қолдана отырып, металл конструкцияларын, карбон негізіндегі қуатты кабель, крекинг катализаторларын өндіру жөніндегі кәсіпорындар, фармацевтика зауыты, қысымды өлшеуге арналған құрылғылар шығаратын зауыт, құс фабрикасы, аумағы 20 гектар болатын жылыжай және басқа да жобалар бар.

 

Сонымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаев «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы мен  «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік үдерістерді қадағалау орталығының жұмысымен танысты. Онда Елбасыға цифрлық зияткерлік кен орнының жүйесі көрсетілді. Бұл нақты уақыт режімінде өнеркәсіп нысандарынан түсетін ауқымды мәліметтерді өңдеуге, шұғыл шешім қабылдау мақсатымен оларға әрі қарай талдау жасауға, сондай-ақ кен орындарындағы өндіру үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді.

Елбасы өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысыснда  «ҚазТрансОйл» компаниясы «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартқан жаңа студенттер үйіне барды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз