Мерекеге орай Елбасының қатысуымен театрландырылған қойылым болып өтті

0
272

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі» атты театрландырылған қойылым болып өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған қойылым «Қазақ елі» монументі алаңында сағат 11:00-де басталды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ұлттық мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы артистерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен театрландырылған қойылымды тамашалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз