Министрлік: 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру басталады

0
431

25 ақпанда қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны өтетінін хабарлады.

2022 жылдың көктемінде қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың қатары әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылуға негізі жоқ 18-27 жас аралығындағы он жеті мыңға жуық жасөспіріммен толығады.

Қазіргі таңда жастардың әскери қызмет өткеруге деген ынтасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленуде. Сарбаздарға мерзімді қызмет кезінде кредит мерзімін ұзартуға, белгіленген мерзімдегі қызметіне біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге, білім беру секторында жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге қатысты шаралар қабылдануда.

Әскерге шақыру науқанын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Комиссияларды қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары басқарады.

Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылушыларды хабардар ету 1414 сервис қызметтері арқылы SMS хабарлама жіберіледі. Болашақ сарбаздар жинау пункттерінде әскерге шақыру кезінде және бөлімдерге келген кезде COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз