Өмірде “жеңілу” әрдайым жеңіске жетуге қарағанда қызығырақ

0
376
Елбасының сол жағында "Пифогор" қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов

19 жасында өз мектебін ашып, бүгінде “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы атанған математика пәнінің мұғалімі, кәсіпкер Асан Жолдасов “өмірді дұрыс сүруді үйрену үшін әрдайым жеңіске жеткенге қарағанда жеңіліс тауып отырған одан әрі шынықтырады” деген пікірде.

Бүгін Мемлекет басшысың алдында сөз сөйлеп, өзінің жеңіс жолындағы тәжірибиесімен бөліскен Асан Жолдасов 10 жыл ішінде 10 мың баланың математикаға деген ынтасын қалай оятқандығы туралы әңгімелеп берді.

Асан бүгінде өзі негізін қалаған “Пифагор” атты мектептен кейінгі қосымша білім беру мекемесінде мұғалім болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда оның командасында 136 мұғалім жұмыс істеуде. Математиканы мектептен тыс уақытта тереңдетіп оқытатын мекемеге балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп оқиды.

Асан Жолдасов математика пәнінің мұғалімі, кәсіпкер:  Кез-келген балаға математиканың оңайлығын түсіндірсең ол дамуғы тырысады. Осы орайда ең алдымен балаға жеңілуді үйрету қажет. Жеңіліп көрген адам жеңістің не екенін біліп, қадірін түсінеді. Олимпиадада міндетті түрде жеңіліп көрген жөн. Тек сол жолда ғана бала немесе үлкен адамның өзі қай жерде қате жасағанын түсініп, сабақ алады. Әркез жеңіске жеткенге қарағанда жеңіліс табу “намного” (әлдеқайда) қызығырақ. Менің командамда бүгінге дейін 10 мың шәкірт білім алды. Қазір олардың әрқайсысы танымал, білімі жоғары ЖОО-да білімін жалғастыруда. 

“100 жаңа есім” жобасына үміткерлерден өтінім қабылдау былтыр қыркүйек айында басталған болатын. Дауыс беру екі айға жалғасты. Нәтижесінде 2 жарым мыңға жуық үміткерден өтінім қабылданған. Солардың тек 29-ы ғана жеңімпаз деп танылды. Бүгін Казмедиа орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы “100 жаңа есім” жобасының жеңімпаздарын марапаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз