Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

0
416
Photo: astana.gov.kz

2 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы карантин шараларына байланысты жаңа қаулы шығарды. 

Жаңа қаулы бойынша кей өзгерістер:

  • 65 жастан асқандар қала бойынша жүріп-тұру шектеледі;
  • қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді;
  • сауда-ойын-сауық орталықтары жексенбіден басқа барлық күндері 23.00-ге дейін ашылуы мүмкін;
  • 30 орыннан артық толмаған кафелер мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істей алады. Тұрғын үйлерде орналасқан мекемелер тек 23.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • фитнес орталықтары аптасына жеті күн 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Астананың бас санитар дәрігерінің 14 қаңтардағы соңғы қаулысының күші жойылды.

Жаңа қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

2 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-сұлтан қаласы ШҚО, Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарымен бірге эпидемиологиялық жағдай бойынша “сары” аймақта орналасқан. “Қызыл” аймақта-Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз