17 шілдеде Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 13 бағдардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді. Бұл туралы Астана LRT хабарлады.
“Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты 17 шілде күні 13 бағдардың қозғалыс сызбаларын уақытша өзгерту жоспарланып отыр. Қозғалыс сызбасы өзгертілетін бағдарлар келесі: №№ 5, 5А, 8, 10, 20, 23, 33, 34, 40, 53, 64, 71, 73”, – делінген Астана LRT хабарламасында.
Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.