Нұр-Сұлтанда KazAgro/KazFarm халықаралық аграрлық көрмесі басталды

0
144

20 қазанда Нұр-Сұлтандағы «EXPO» көрме орталығында «KazAgro/KazFarm-2021» халықаралық аграрлық көрмесі басталды.

Іс-шара 20-22 қазанда таңғы сағат 10:00-ден кешкі 18:00 аралығында өтеді. Жобаға 20-дан астам елден 120-дан астам экспонент-компания қатысады. Көрмеге келген қонақтар “Ashyq” бағдарламасы бойынша кіре алады.

Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету және индустрияның табысты дамуы үшін агробизнес өкілдеріне іскерлік байланыс орнатуға жағдай жасау.

Көрменің мал шаруашылығы бөлімі де өндірістегі инновацияларға арналады, сондай-ақ құрғақшылық мәселесін шешуге және жем-шөп өндірісін арттыруға көңіл бөледі. Естеріңізге сала кетейік, биыл Маңғыстау облысында құрғақшылық пен жем-шөптің тапшылығынан көптеген жануарлар қырылып қалды.

KazAgro/ KazFarm 2021 көрмесінің негізгі бөлімдері мен көрсетілген техникалары:

  • өнімді өндіру, жинау, сақтау технологиялары, ауыл шаруашылығы өнімдерін буып-түю материалдары,
  • суару, бүрку және дренаж технологиялары,
  • бау-бақша, жүзім шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығындағы технологиялардың экологиялық аспектілері, суару және тұқым шаруашылығының қазіргі жүйесі,
  • ауыл шаруашылығы құрылысы, қоймалар және қойма жабдықтары,
  • шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, фермерлік шаруашылықтарға, саяжай учаскелеріне арналған механикаландыру құралдары,
  • комиссиялық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары,
  • биотехнология, ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімінің сапасын бақылау,
  • агроэкология,
  • өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіз құралдары, тыңайтқыштар және оларды қолдану технологиялары,
  • мал азығын өндіру.

«KazAgro/KazFarm-2021» – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның аграрлық секторының дамуы мен ілгерілеуін көрсететін өзіндік платформа.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз