Нұр-Сұлтанда өтетін велошерудің уақыты ауыстырылды

0
233
photo: gov.kz

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 мамырға жоспарланған велошеру уақыты 28 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 21 мамыр күні велошеру өтеді

Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай веложарыс өткізу жоспарланған. Іс-шара уақыты 28 мамырға ауысты. Велошеру «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді. Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал велошеру, сағат 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.

photo: gov.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз