Нұр-Сұлтаннан Прагаға жаңа әуе рейсі ашылды

0
115
Сурет: apcspain.com

30 мамыр күні “Нұр-Сұлтан-Прага-Нұр-Сұлтан” бағыты бойынша тұрақты рейстің тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында хабарлады.

“2019 жылдың 2 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Қазақстан мен Чехияның астаналары “Нұр-Сұлтан” және Прага қалалары арасында “Boeing 737” ұшағымен аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындайтын болады. Бұл рейстің ашылуы маршруттық желілерді дамытуға ықпал етіп, туризмді дамытуға және екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға үлес қосады. Жыл басынан бері Жуковский-Қарағанды, Жуковский-Көкшетау, Жуковский-Петропавл (ИрАэро), Алматы-Баку (AZAL авиакомпаниясы) бағыттарында жаңа халықаралық бағыттар ашылды. Сонымен қатар, осы жылдың 2 маусымынан бастап, SCAT әуе компаниясы “Нұр-Сұлтан-Ұлан-Батор-Нұр-Сұлтан” бағытындағы тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Жыл аяғына дейін ҚР экс-президенті Н.А. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес “Нұр-Сұлтан-Токио” тікелей рейсін ашу жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз